Ст. 37 Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ
Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы
37-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар құқықтық ақпарат беруге, құқықтық консультация беруге, адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруіне әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. 2. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар:
1) "Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты;
2) "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты;
3) "Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады.
3. "Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
4. "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың, заң консультанттарының құқықтық консультация беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
5. "Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың, заң консультанттарының соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей