Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттiк органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;

2) алып тасталды – ҚР 25.05.2020 № 332-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзiрлеу мен орындауды ұйымдастырады;

4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртiбiн белгiлейдi;

5) алып тасталды;

6) алып тасталды;

7) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ жұмылдыруды, соғыс жағдайын жариялауға байланысты және соғыс уақытында қабылдануға тиiстi заңнамалық актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

7-1) ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, жұмыс бейiнiн өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау, басқаға беру туралы тәртіпті айқындайды және шешім қабылдайды;

7-2) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын жабдықтау нормаларын бекiтедi;

7-3) соғыс уақытында тамақтандыруды және сауда-саттықты ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарындағы (келiсiмдерiндегi) мiндеттемелердi орындау шараларын әзiрлеп, олардың орындалуын ұйымдастырады;

9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша үкiметаралық келiссөздер жүргiзедi;

10) алып тасталды

11) алып тасталды

12) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігі туралы жыл сайын баяндап отырады;

12-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына және жүргізілуіне бақылау жасауды ұйымдастырады;

14) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету, аумақтарды жедел жабдықтау және Азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiнде тапсырмалар белгiлейдi;

15) Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссияны құрады және әскери міндеттілерді бекітіп қою қағидасын бекітеді;

16) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуді ұйымдастырады;

17) алып тасталды – ҚР 25.05.2020 № 332-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
18) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау, сақтау мен пайдалану тәртiбiн айқындайды;

19) алып тасталды;

20) уақытша қайта тиеу аудандарын ұйымдастыру қағидасын және олардың орналасу схемасын бекітеді;

21) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген тиісті кезеңге арналған жоспарын бекітеді;

21-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;

21-2) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығына басшылықты жүзеге асырады;

22) жеке және заңды тұлғалардың реквизицияланған, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшiн берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;

23) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
24) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.07.07 N 183, 2010.07.15 N 334-IV, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 7‑1 8 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться