Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
8-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті

Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 334-IV Заңымен. 

Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде: 

1) тиiстi мемлекеттiк басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды; 

2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 

3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді; 

3-1) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді; 

4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi шараларды жүргiзедi; 

4-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді; 

4-2) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді; 

5) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; 

6) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi; 

6-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді; 

6-2) жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді; 

7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 

8) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады; 

8-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді; 

9) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.07 N 183, 2010.07.15 N 334-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...7 7‑1 8 8‑1 9 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться