Ст. 24 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
24-бап. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың міндеттері, функциялары мен құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның негізгі міндеті осы баптың 2-тармағында көрсетілген, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің айналымымен байланысты мәселелер бойынша құзыретті органға ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 2. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функцияларына:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығаруға;
2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) кепілге беруге;
4) осындай жер қойнауын пайдалану құқығынан (оның бір бөлігінен), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден ақы өндіріп алу жағдайларында, оның ішінде кепілге салу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі жария сауда-саттыққа қатысуға;
5) банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн мүліктік массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;
6) кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға;
7) бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы үлеске құқықты сатып алуға;
8) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарды не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымға бастапқы шығаруға, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыруға;
9) жұмыс бағдарламасы, келісімшарт бойынша міндеттемелердің өзгеруі;
10) келісімшарттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуға арналған өтініштерді қарау, оларға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді.
Құзыретті органның тапсырмасы бойынша жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия жер қойнауын пайдалануға байланысты өзге де мәселелерді қарайды және олар бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, құзыретті органға енгізеді.
3. Жер қойнауын пайдалану және олармен байланысты құқықтар мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өкілдерін және азаматтарды өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың негізгі міндеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына осы баптың 2-тармағында көрсетілген, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) айналымына байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар осы баптың 2-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдаланумен байланысты өзге де мәселелерді қарауға, олар бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына енгізуге құқылы.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар осы баптың 3-тармағында айқындалған құқықтарға ие болады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
О государственной статистике Статья 7. Цель и задачи в области государственной статистикиРекомендованные страницы
635457100 КАТО НК РК 11-2009 с.Урыль Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 37-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен байланысты құқықтарды иеліктен шығаруға рұқсат беру тәртібі Темiр жол көлiгi туралы 59-бап. Ұлттық инфрақұрылым операторының өкiмдерiн кiрме жолдарда орындаудың мiндеттiлiгi Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 51-бап. Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын мәжбүрлі түрде тоқтату рәсіміРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей