Ст. 93 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
93-бап. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің жалпы шарттары
1. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі және зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс. 1-1. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді бұрғылау, өндіру, дайындау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу өзінің авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы, мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдығы мен техникасы және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық практикасын басшылыққа алуға міндетті.
3. Ұлттық компанияның тиісті келісімшартында кемінде елу пайыз мөлшерінде жер қойнауын пайдаланушы ретінде үлестік қатысу теңізде мұнай операцияларын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстардың міндетті шарты болып табылады.
Теңіз түбінде мұнай операцияларын жүргізу үшін теңіз түбін пайдалану құқығы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсат беруі жолымен беріледі.
4. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген мұнай операцияларының нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер зиянның еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, кінәнің болуына қарамастан жауапты болады.
5. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті.
Бұл бағдарламалар:
1) жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау;
2) персоналды оқыту;
3) ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету;
4) теңізде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.
6. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
7. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұндай тұлғаның меншігіндегі не пайдалануындағы теңіз құрылыстарына инспекциялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, мұндай мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инспекцияларды жүргізуге өкілетті болған жағдайда жағалаудан тасымалдауды өзінің есебінен ұйымдастыруға міндетті. Теңіз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкілдерінің инспекцияларын жүргізу мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады және ол теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
8. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның рұқсатын алмай теңіз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқылы емес. Рұқсатты алу үшін мұндай жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға теңіз құрылысының жоспарланатын орналастырылуы не салынуы басталғанға дейін өтініш беруге міндетті. Өтініште жоспарланатын теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімдері мен орналасатын жері қамтылуға тиіс. Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарауға және өтініш берілген кезден бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Теңіздегі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген нормалар қолданылады.
9. Ішкі су айдындарындағы мұнай операцияларына теңіздегі мұнай операциялары үшін белгіленген осы Заңның ережелері қолданылады.
10. Теңізде мұнай операцияларын жүргізудің ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында көзделуге тиіс.
Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 84-бап. Көмірсутек шикізаты кен орындарын өнеркәсіптік игеру Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 21-бап. Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комисси... Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 87-бап. Мұнай операцияларын жүргізу процесінде авариялар мен өзге де қауіпті оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар Пользователь mantie Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 36-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей