Ст. 95-1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
95-1-бап. Мұнайдың теңізге төгілуі
1. Мұнайдың теңізге төгілуі үш деңгейге бөлінеді: 1) бірінші деңгей – жер қойнауын пайдаланушының теңіздегі құрылысында бар материалдар мен заттар көмегімен құрылыс персоналы жоятын, мұнайдың болмашы (он тонна мұнайдан аспайтын) төгілуі;
2) екінші деңгей – жою үшін жұмыс жүргізілген жердегі жер қойнауын пайдаланушының теңіздегі құрылысында бар ресурстар, сондай-ақ жергілікті жағажай қызметтерінің қосымша материалдары, заттары мен персоналы да қажет болатын, мұнайдың шамалы (орташа) (он тонна мұнайдан екі жүз елу тонна мұнайға дейін) төгілуі;
3) үшінші деңгей – жою үшін жер қойнауын пайдаланушының, жергілікті жағажай қызметтерінің, сондай-ақ мамандандырылған қор есебінен халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқа да ұйымдардың материалдары, заттары мен персоналы талап етілетін, мұнайдың көп (екі жүз елу тоннадан және одан көп мұнай) төгілуі.
2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жоспарларды бекітуге міндетті, олар қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен келісу бойынша тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі өңірлік жоспарларға сәйкес келуге тиіс. Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жоспарларды бекіту тәртібі, мерзімдері және олардың нысаны мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарда айқындалады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілгенін байқаған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлауға міндетті.
4. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының бірінші және екінші деңгейлерде мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті өзінің материалдары мен жабдықтары болуға міндетті. Бірінші және екінші деңгейлерде мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті өзінің материалдары мен жабдықтары болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуін жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын, теңізде мұнай операцияларын жүргізу ауданында бірінші және екінші деңгейлерде теңізде мұнайдың төгілуін уақтылы жою үшін жабдықтары мен техникалық құралдары бар кәсіби авариялық-құтқару қызметімен шарт жасасуға міндетті.
5. Теңізде үшінші деңгейде мұнайдың төгілуін жою жағдайлары үшін теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы ашық мұнай және газ фонтандарын жою және мұнай операцияларын жүргізу ауданында теңізде үшінші деңгейде мұнайдың төгілуін жою үшін жабдықтары мен құралдары бар мамандандырылған аттестатталған кәсіби авариялық-құтқару ұйымымен шарт жасасуға міндетті.
6. Теңізде үшінші деңгейде мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру және оларға басшылық ету Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.
7. Теңізде мұнайдың төгілуін және оның салдарларын жою кезінде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны барынша қорғауға бағдарланған әдістерге артықшылық беру қажет.
8. Теңізде мұнайдың төгілуін жою және оны оқшаулау жөніндегі іс-шараларды, авариялардың, оқыс оқиғалардың себептеріне тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынады.
9. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуі салдарынан қоршаған ортаға, үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, сондай-ақ теңізде мұнайдың төгілуін жою бойынша мемлекеттің шығыстарын толық көлемде өтеуге міндетті.
10. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары теңізде мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты, теңізде қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты да қолданылады.
Ескерту. 9-тарау 95-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртібі О газе и газоснабжении Статья 25. Учет товарного газа О газе и газоснабжении Статья 9. Национальный оператор Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 238. Отсрочка и рассрочка исполнения решения, изменение способа и порядка его исполнения до обращения решения к исполнению О газе и газоснабжении Статья 35. Порядок введения в действие настоящего ЗаконаРекомендованные страницы
О платежах и платежных системах Статья 41. Особенности осуществления межбанковских платежей и (или) переводов денег по операциям с использованием платежных карточек Iшкi су көлiгi туралы 15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу Закон РК О реабилитации жертв массовых политических репрессий Статья 10. Органы прокуратуры обязаны О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан Статья 38. Хранение и учет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей