Ст. 35 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы
Ескерту. 35-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа және осы Заңға сәйкес өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқаруға қажетті іс-қимылдарды жасауды басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлік басқарушы өзi таңдап алған сенiм білдірілушінің іс-әрекеті үшiн оны өзі жасағандай жауап бередi.
2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бөлігіндегі функциялары:
1) басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.
3. Инвестициялық декларация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі ескеріле отырып жасалады.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей