Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237


Утратил силу

Ақша төлемi мен аударымы туралы
35-бап. Ақша аударымы кезiнде нұсқауды керi қайтарып алу және нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру

1. Акцептелмеген нұсқау акцепт жасау мерзiмi аяқталғанға дейiн керi қайтарып алынуы мүмкiн.

2. Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру немесе акцептелген нұсқауды керi қайтарып алу оны алушы банк орындағанға дейiн ғана мүмкiн болады.

3. Акцептелген және акцептелмеген нұсқауды керi қайтарып алуды, сондай-ақ нұсқаудың орындалуын тоқтата тұруды оның бастамашысы алушы банкке тиiстi өкiм жiберуi арқылы жүзеге асырады. Басқа жөнелтушiлер мұндай өкiмдi өзiнен бұрынғы жөнелтушiден не оған заңмен не шартпен уәкiлдiк берiлген үшiншi жақтан алған осындай өкiм болғанда ғана жiберуге құқылы. Мұндай өкiмнiң орындалу мерзiмi, сондай-ақ оны беру әдiстерi шартпен және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

4. Мұндай өкiмдер элекронды әдiспен жiберiлген жағдайда мұндай өкiмдi жөнелтушi мен оны алушының арасындағы шартта белгiленген қорғау iс-қимылының тәртiбiн сақтау қажет.

5. «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер алушы банкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның ақша жөнелтушiнiң немесе алушы банктің банк шотындағы ақшасына тыйым салу немесе банк шотындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмi, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның ақша жөнелтушiнiң ақшасын алып қою туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акцептелген нұсқаудан бұрын орындалуға тиiстi шешiмi ұсынылса, акцептелген нұсқауды орындау тоқтатыла тұруға тиiс. Алушы банк жоғарыда аталған негiздемелер бойынша нұсқауды орындауды тоқтата тұруға байланысты залалдар үшiн жауап бермейдi.

Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.03.29 N 42, 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...33 34 35 36 36‑1 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться