Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 50 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
50-бап. Нұсқауды кері қайтару және орындауды тоқтата тұру

1. Нұсқауды кері қайтару және нұсқауды орындауды тоқтата тұру бастамашы ақша жөнелтушінің банкіне жіберген тиісті өкімінің негізінде оны орындағанға дейін және (немесе) ақша жөнелтушінің банкі бенефициарға төлемді оның пайдасына қабылдау туралы ақпаратты жібергенге дейін жүзеге асырылады. Кері қайтару туралы өкімді орындау мерзімі, сондай-ақ оны беру тәсілі шартта және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының инкассолық өкімін кері қайтарып алу "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Нұсқауды кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы өкімді электрондық тәсілмен жіберу кезінде осы өкімдердің бастамашысы мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген қорғау әрекеттерінің тәртібі сақталады. 

3. Нұсқауды кері қайтару туралы өкім уақтылы алынған кезде ақша жөнелтушінің банкі осы нұсқау бойынша ақша аударуды жүзеге асырмайды және оны осындай өкімді алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей, бір мезгілде бастамашыға алынған өкімнің орындалғаны туралы хабарлама жібере отырып қайтарады. 

4. Нұсқауды орындау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-9-бабында, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер ақша жөнелтушінің банкіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік шоттағы ақшаға тыйым салу, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, ақша жөнелтушінің банктік шотында немесе ақша жөнелтушінің банкінде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның шешiмi және (немесе) өкімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы нұсқаудан бұрын орындалуға жататын, ақша жөнелтушiнің ақшасын алып қою туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның, лауазымды адамның немесе сот орындаушысының шешiмi берілсе, тоқтатыла тұрады. Ақша жөнелтушінің банкі жоғарыда көрсетілген негiздер бойынша нұсқауды орындауды тоқтата тұруға байланысты залалдар үшiн жауаптылықта болмайды. 

5. Осы Заңның 25-бабының 10-тармағына сәйкес "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы банктер мемлекеттік органдарға, соттарға мәліметтер мен ақпарат берген төлемдерді бюджетке төлеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқауды кері қайтарып алуға және нұсқаудың орындалуын тоқтата тұруға жол берілмейді. 

6. Төлемді жүзеге асыруға, нұсқауды беруге және орындауға, банктің бенефициарға ақшаны беруіне немесе бенефициардың ақшаны алуына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тыйым салуы және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша ғана тыйым салынуы мүмкін. 

Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...48 49 50 51 52 ...60

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены


Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться