Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 48 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
48-бап. Нұсқауларды орындау мерзімдері

1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды жөнелтуші бастама жасаған күні орындауды қамтамасыз етеді. 

2. Осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бенефициардың банктік шотына немесе бенефициардың пайдасына ақша қабылданғанын көрсететін өзге де шотқа ақшаны есепке жатқызу жөніндегі нұсқауды орындауды бенефициардың банкі нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жүзеге асырады. 

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының нормалары: 

1) инкассолық өкім арқылы берілген; 

2) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын; 

3) валюталаудың алдағы күні көрсетілген; 

4) негізге алынып халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелер бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын; 

5) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеке сауда орнынан сатып алу үшін электрондық төлем құралдарын пайдаланған кезде немесе электрондық сауданы жүзеге асырған кезде клиенттің келісімі түрінде берілген; 

6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы арқылы ұсынылған нұсқауларды орындауға қолданылмайды. 

Осы нұсқауларды орындау мерзімдері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарында белгіленеді. 

4. Бас тарту көрсетілген төлем құжаттарын орындау үшін көзделген мерзімде жасалатын қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы, сондай-ақ инкассалық өкім арқылы ұсынылған нұсқауларды қоспағанда, нұсқауды орындаудан бас тартуды ақша жөнелтушінің банкі бас тарту себептерін көрсете отырып, нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жасайды. 

Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...60

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться