Ст. 14 Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ
Почта туралы
14-бап. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату
1. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату жөніндегі қызметтерді пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға ұсыну пошта операторы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен пошта операторының жаздырып алу каталогіне мерзімді баспа басылымын енгізу жөнінде шарт жасасқаннан кейін жүзеге асырылады. Пошта операторы жаздырып алудың бірыңғай каталогін қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жүргізеді, онда мерзімді баспа басылымдарының таратылу аумағына қарай республикалық, жергілікті және шетелдік мерзімді баспа басылымдары жөніндегі бөлімдер қамтылуға тиіс.
2. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату мына кезеңдерден тұрады:
1) бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен мерзімді баспа басылымдарын таратуға, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыдан тапсырысты қабылдауға және жаздырып алуды ресімдеуге, оның ішінде интернет-ресурсты пайдалана отырып ресімдеуге және мерзімді баспа басылымдарына пошта операторы қабылдаған жаздырып алу бойынша ақпаратты өңдеуді жүзеге асыруға шарт жасасу;
2) пошта операторының мерзімді баспа басылымдарын қабылдауы, өңдеуі, тасымалдауы, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға жеткізуі не мерзімді баспа басылымын пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық нысанда жіберуі.
3. Республикалық, жергілікті және шетел мерзімді баспа басылымдарына жазылуды пошта операторы немесе пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы өндірістік объектілер немесе интернет-ресурстар арқылы жүзеге асырады. Жаздырып алынатын республикалық мерзімді баспа басылымдарын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тарату бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган беретін құжатқа сәйкес жүзеге асырылады, ал жергілікті мерзімді баспа басылымдарын тарату облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін тиісті құжатта көрсетілген облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында жүзеге асырылады.
4. Жаздырып алынатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын тарату "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей