Ст. 9 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы
Действующий аналог
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралыҚазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы
9-бап. Шекара қызметiнiң кадрлары және Шекара қызметiнде
әскери қызмет өткеру ерекшелiктерi
Шекара қызметiнiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне арналған бiрыңғай әскери атақтары мен айырым белгiлерi болады. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Шекара қызметiнiң офицерлерi – белгiленген үлгiдегi куәлiктермен, солдаттар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) әскери билеттермен қамтамасыз етiледi.
Шекара қызметi шақыру бойынша әскери мiндеттiлiк негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әскери қызметке ерiктi түрде (келiсiмшарт бойынша) тұру жолымен әскери қызметшiлерден жасақталады.
Шекара қызметi үшiн кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының жоғары, орта кәсiптiк, әскери және арнайы оқу орындарында, оқу жасақтарында, орталықтарында (мектептерiнде), сондай-ақ келiсiмдер (шарттар) бойынша шет мемлекеттерде жүзеге асырылады.
Шекара нарядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету және қорғау жөнiндегi қызметтi атқару жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет) болып табылады.
Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Заңмен уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдардан басқа ешкiмнiң де Шекара қызметiнiң қызметтiк әрекетiне араласуға құқығы жоқ.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей