Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46-3 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері

1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнына ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге орналастырылады. 

2. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен бұрын, мынадай: 

1) жеке басы анықталған; 

2) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға қатыстылығы анықталған; 

3) адамның кәмелетке толмағандығы анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жіберілген жағдайларда босатылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақты 4) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

3. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасары қаулы шығарады, онда жеке басын анықтау бойынша тексеру нәтижелері баяндалады. Босатылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурор, сот және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы жазбаша түрде хабардар етіледі. 

Қабылдау-бөлу орнынан босатылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға одан сақтауға алып қойылған, сақталуы заңсыз болып табылатын нәрселер мен заттарды қоспағанда, құжаттары, ақшасы және заттары қолхат ала отырып қайтарылады. 

4. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға одан әрі орналасатын жеріне жету уақытына қабылдау-бөлу орнында ұстау үшін көзделген тамақтану нормалары бойынша құрғақ азық-түлік және босатылғаны туралы анықтама беріледі. 

Ескерту. 46-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...46‑1 46‑2 46‑3 46‑4 46‑5 ...51

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться