Ст. 46-1 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу
1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау ішкі істер органдары қаулысының негізінде жүзеге асырылады. 2. Егер қабылдауға бөлінген мерзім ішінде жеке басы анықталмаса, ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін тәртіппен іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Адамның тұрғылықты жерін және (немесе) жеке басын анықтау мүмкін болмаған кезде ішкі істер органдары сотқа мұндай адамға қатысты жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны ол ұсталған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде жібереді.
Сот санкциясы алынғаннан кейін қаулы белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қолхат ала отырып дереу хабарланады. Сот жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны санкциялаудан бас тартқан жағдайда, мұндай адам қабылдау-бөлу орнынан дереу босатылады.
3. Жанында балалары бар, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды ұстаған кезде сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрып жатқан жерін анықтау жөніндегі шараларды қолданады.
4. Шетелдіктерді қабылдау-бөлу орындарына орналастырған кезде ұстауды жүзеге асырған мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
5. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілген және орналастырылған әр адам жеке тексеріледі, медициналық куәландырудан, санитариялық өңдеуден өткізіледі, дактилоскопияланады және суретке түсіріледі.
6. Жеке тексеру, медициналық куәландыру, санитариялық өңдеу, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы 14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 89. Незаконное превышение нормы рабочего времени Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 15-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының банк шоттары Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 17. Неприкосновенность собственностиРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей