Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі

1. Дүлей апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, ауқымды өрт ошақтары, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі ірі апаттар, күдіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздігі немесе бағынбаушылығы жағдайларында не болмаса қамауда ұстау орнына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупі болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс министрінің шешімі бойынша тиісті қамауда ұстау орындарында отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ерекше жағдай режимі енгізіледі. 

2. Ерекше жағдай режимін енгізу кезінде сезіктілер мен айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық шаралар шектелуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін, оларды күзету, өткізу режимі және күзетте ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды қадағалау күшейтіледі, сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттарды қабылдау тоқтатылады, сондай-ақ заңда көзделген басқа да шаралар қолданылады.  

3. Күдіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас прокурорына, аумағында қамауда ұстау орны орналасқан ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады. 

4. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдай режимін оны енгізген орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам жояды.  

Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.16 № 244, 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау


Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...44 45 46 46‑1 46‑2 ...51

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться