Өрт қауiпсiздiгi туралы
13-бап. Өртке қарсы ерiктi құралымдар
1. Дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елдi мекендердегi өрттердiң профилактикасы және оларды сөндiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерiктi құралымдар құрылуы мүмкiн.2. Өртке қарсы ерiктi құралымдардың негiзгi мiндеттерiне:
1) дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елдi мекендердегi өрттердiң алдын алу және оларды жою;
2) дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елдi мекендердегi өрттердi сөндiрумен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу;
3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету жатады.
Өртке қарсы ерiктi құралымдар өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту және оларды өрт шыққан кездегi iс-әрекеттерге даярлауды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi.
3. Өртке қарсы ерiктi құралымдар ерiктi өрт сөндiрушiлерден жасақталады.
Ерiктi өрт сөндiрушiлерге ерiктi негiзде өзiнiң iскерлiк және моральдық қасиеттерiмен, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өрттердiң алдын алумен және (немесе) оларды сөндiрумен байланысты мiндеттердi орындауға қабiлеттi азаматтар жеке тәртiппен қабылданады.
Ерiктi өрт сөндiрушiлерге қабылданған азаматтар жүргiзiлуiн ерiктi өртке қарсы құралымдар жүзеге асыратын ерiктi өрт сөндiрушiлер тiзiлiмiнде тiркеледi және бастапқы даярлықтан өтедi.
Ерiктi өрт сөндiрушiлердiң бастапқы даярлық бағдарламасын уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ерiктi өрт сөндiрушiлердiң кейiнгi даярлығы өртке қарсы ерiктi құралымда жүзеге асырылады.
Ерiктi өрт сөндiрушiлердiң кейiнгi даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерiктi құралымның басшысы әзiрлейдi және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы бекiтедi.
4. Өртке дер кезiнде ден қою үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша өртке қарсы ерiктi құралымның басшысы ерiктi өрт сөндiрушiлердi жинау тәртiбi мен оларды өрт шыққан жерге жеткiзу тәсiлiн айқындайды.
5. Ерiктi өрт сөндiрушiнiң өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өрттердi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi өртке қарсы ерiктi құралымның жарғысында белгiленедi.
6. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өртке қарсы ерiктi құралымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 4-тарау
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Сақтандыру қызметi туралы 83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары Сақтандыру қызметi туралы 41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi Сақтандыру қызметi туралы 33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу О бухгалтерском учете и финансовой отчетности Статья 4. Цель бухгалтерского учета и финансовой отчетности Сақтандыру қызметi туралы 57-бап.Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей