Ст. 83 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары
Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт:
1) тараптардың толық атауын, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтерді;
2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқаманы;
3) дерекқордан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысанын;
4) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттерін;
5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібін;
6) дерекқорды қалыптастыру үшін ақпараттың түрлерін, көлемін, мерзімін (кезеңділігін), оны беру тәртібін;
7) сақтандыру есептерінде қамтылатын ақпараттың түрлерін, мерзімін (кезеңділігін), көлемін және сақтандыру есептерін алу тәртібін;
8) шарттың қолданыс мерзімін, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тарту кезінде оны өзгертудің, бұзудың негізі мен тәртібін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандығы немесе тиісінше орындағандығы үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшерлерін;
9) ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ақпарат берушінің міндеттемесін;
10) алынатын барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ұйымның міндеттемесін;
11) шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптарды қамтуға тиіс.
Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тарту өз еркімен қайтарған, сондай-ақ сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айырған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы Заңның 81-бабында көзделген қолданыстағы сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ұйымға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасу кезінде ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа:
1) осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары;
2) дерекқорды құру және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдары үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдық, техникалық іс-шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндеттілігі туралы талаптар міндетті түрде енгізілуге жатады.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Сақтандыру қызметi туралы 89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері Сақтандыру қызметi туралы 32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ұйымдардың к...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей