Ст. 8 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217
Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
8-бап. Айрықша құқықты беру
1. Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен және құқық иеленушi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде өтедi. 2. Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
3. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);
2) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия) беру көзделуi мүмкiн.
3) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Егер лицензиялық шартта лицензияның түрi көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп саналады.
4. Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруi туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекеттерi үшiн жауапты болады.
5. Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.
Тіркелген топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тіркелуге жатады.
Тiркеу жүргізілмеген, топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуi мүмкiн.
Жазбаша нысанның және (немесе) тiркеу туралы талаптың сақталмауы айрықша құқық беру туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу, оған өзгерістер енгізу, техникалық сипаттағы қателерді түзету, сондай-ақ тіркеудің күшін жою осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Тұрғын үй қатынастары туралы 43-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі Тұрғын үй қатынастары туралы 14-1-бап. Тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын іске асыру Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 8-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi функцияларыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей