Ст. 15 Өндiрiстiк кооператив туралы 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486
Өндiрiстiк кооператив туралы
15-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы
1. Кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.
Мүшелерiнiң саны 100-ден асатын кооперативтерде құрылтай құжаттарымен жоғары органның функцияларын уәкiлдер жиналысына беру көзделуi мүмкiн.
2. Кооператив мүшелерi жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады:
1) кооператив жарғысын өзгерту;
1-1) кооператив қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындау;
2) атқарушы орган, тексерушi органдар мен байқаушы кеңесiн құру және олардың мүшелерiн керi шақырып алу;
3) кооператив қорлары мен резервтерiнiң түрлерi мен мөлшерiн және олардың пайдаланылу бағыттарын анықтау;
4) кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбi ережелерiн, лауазымды адамдарының, оның мүшелерi мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау және өзгерту;
5) кооперативтiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, шаруашылық серiктестiктерiн құру және оларға мүше ретiнде кiру;
6) қосымша пай жарналарын енгiзу туралы мәселенi шешу;
7) кооператив мүшелiгiне қабылдау және шығару;
8) кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекiту, оның пайдасын және шығынын бөлу;
9) кооперативтi қайта құру мен тарату туралы шешiм;
10) ревизиялық комиссияның (ревизордың) есебiн бекiту;
11) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн тыңдау.
3. Кооперативтiң құрылтай құжаттарымен жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне сол сияқты басқа мәселелердi шешу де жатқызылуы мүмкiн.
4. Жалпы жиналыс өзiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi кооперативтiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.
5. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы кезектi және кезектен тыс болуы мүмкiн.
6. Кезектi жалпы жиналыс кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) белгiлеген мерзiмде, бiрақ қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Кооператив мүшелерiнiң кезектi жалпы жиналысы:
1) кооперативтiң жылдық есебi мен бухгалтерлiк баланстарын, оның пайдасын және шығынын бөлудi бекiтедi;
2) ревизиялық комиссияның (ревизордың) есебiн бекiтедi;
3) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн тыңдайды;
4) осы баптың 8-тармағына сәйкес қарауға ұсынылған кооператив қызметiнiң басқа да мәселелерiн шешедi.
7. Кезектен тыс жалпы жиналыс кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) өз бастамасымен, байқаушы кеңесiнiң шешiмiмен, ревизиялық комиссияның (ревизордың) талап етуiмен, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң кемiнде жиырма процентiнiң талап етуiмен шақырылады.
Кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы басқармаға қойылған талап оның мәлiмделген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде орындалуға тиiс. Олай болмаған жағдайда кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы талапты қойған кооператив мүшелерi жиналысты өздерi шақыруға хақылы.
8. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының болатын күнi, орны, уақыты және күн тәртiбi туралы басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерiне жиналыс өткiзiлерден кемiнде жиырма күн бұрын жазбаша хабарлайды.
Егер тиiстi кворум болған жағдайда жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерi бiрауыздан өзге шешiм қабылдамаса, жалпы жиналыстың күн тәртiбiне өзгерiстер енгiзуге және оған енгiзiлмеген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға хақы жоқ. Егер кворум болмағандықтан жалпы жиналысты өткiзу мерзiмi ауыстырылған болса, оны қайта шақыру нақ осы тәртiппен жүзеге асырылады.
9. Егер жалпы жиналысқа кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiмдi өкiлдерiнiң жартысынан астамы қатысса ол құқылы деп саналады.
10. Жалпы жиналыстың жұмыс регламентi мен дауыс беру тәртiбiн (ашық немесе жасырын) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлейдi.
11. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооперативтiң әрбiр мүшесi өз пайының мөлшерiне қарамастан бiр дауысқа ие болады.
12. Егер жалпы жиналыстың шешiмi үшiн жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады.
Осы баптың 2-тармағының 1), 6), 7) және 9)-тармақшаларында көзделген мәселелер жөнiндегi шешiм үшiн кооператив мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледi.
Кооперативтi шаруашылық серiктестiк етiп өзгерту нысанында қайта құру бiрауыздан қабылданған шешiм негiзiнде жүргiзiледi.
13. Кооператив жарғысында бiрауыздан немесе көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатын мәселелер белгiленуi мүмкiн.
14. Кооперативтен шығару туралы мәселесi қаралатын кооператив мүшесi дауыс беруге қатыспайды.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241 Заңымен; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей