Ст. 7 Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы
Действующий аналог
Азаматтық қорғау туралыҚауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган: 1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
1-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады;
3) техникалық регламенттердi бекiтудi қоспағанда, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;
4) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi авариялардың себептерiн тексерудi ұйымдастырады;
5) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметiне басшылық жасайды, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестiредi;
7) ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырады;
8) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
9) әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметiне басшылық жасайды;
10) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алу iсiн жүзеге асырады;
11) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi бiрдейлендiрудiң - объектiнi ұйымдардың құрамында қауiптi өндiрiстiк объектiлер санатына жатқызудың негiзгi талаптарын белгiлейдi; P090259
12) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындайды;
13) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен шетелдiктердiң қызметiн реттейдi;
14) қауiптi өндiрiстiк факторлардың өндiрiс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсiз зиянды әсер ету қаупi бар қызметтi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтата тұруға құқығы бар;
15) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
16-1) мемлекеттiк инспекторға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк, нөмiрлi мөртабан және пломбир беру тәртiбiн айқындайды;
16-2) қызметтiк куәлiк, нөмiрлi мөртабан және пломбир үлгiсiн белгiлейдi;
16-3) мемлекеттiк инспекторлар актiлерiнiң нысандарын бекiтедi;
17) техникалық регламенттердi әзiрлейдi немесе келiседi;
17-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы талаптарды белгiлейтiн нормативтiк актiлердi бекiтедi;
17-2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды келiседi;
17-3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк актiлердi тiркейдi және олардың есебiн жүргiзедi;
18) өндiрiстiк бақылау тиiмдiлiгiн, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;
19) жұмыстың қауiптi түрлерiн жүргiзген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) қолдануға рұқсаттар бередi;
20) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингiн жүргiзедi;
21) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердi есепке алуды жүзеге асырады;
22) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазiргi заманғы техникалық растаудың жүргiзiлуiн бақылайды;
23) ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттауды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
24) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргiзудi келiседi;
26) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
27) өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды аумақтық бөлiмшелерге бередi;
28) "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
29) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiрумен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi мiндеттi қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң орындауын бақылайды;
30) халықты және ұйымдарды қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етедi;
30-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi мiндеттi декларациялануға жататын өнеркәсiп объектiлерiнiң электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады;
31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 N 209, 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей