Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Өнеркәсіптік саясат туралы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Өнеркәсіптік саясат туралы
9-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган: 

1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

2) елішілік құндылықты дамыту саясатын қалыптастыруға қатысады; 

3) жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігі туралы ақпарат ұсынады; 

4) индустриялық дамуды бағалауды жүзеге асырады; 

5) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын үйлестіреді; 

6) елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

7) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлейді және бекітеді; 

8) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді; 

9) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; 

10) мыналарды: 

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізуді, қолдану тәртібін айқындауды, сондай-ақ олардың күшін жоюды; 

өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізуді, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындауды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді; 

11) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлейді; 

12) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

13) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

14) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

15) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін әзірлейді; 

16) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

17) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

18) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді; 

19) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

20) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

21) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді; 

22) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 

23) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 

24) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 

25) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

26) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

27) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 

28) басым тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

29) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 

30) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді; 

31) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін әзірлейді; 

32) индустриялық дамуды бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

33) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі саясатты іске асыруды үйлестіреді; 

34) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, өнеркәсіптегі кадр әлеуетін дамыту бойынша өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді; 

35) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекітеді; 

36) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

37) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 

38) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

39) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті реттеуді: 

түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу; 

түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін айқындау арқылы жүзеге асырады; 

40) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

41) өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның ұлттық жүйелерін дамытуға, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу шеңберінде жәрдемдеседі; 

42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...69

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться