Ст. 23-4 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I
Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
23-4-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) тексеру жүргізу кезінде:
1) осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде материалдар мен мәліметтерді не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес инженерлік-техникалық қорғау құралдарына, ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған дерекқорға қолжетімділік алуға;
3) бақылау объектісінің бағытына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша тартуға;
4) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері):
1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер материалдар мен мәліметтер тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) инженерлік-техникалық қорғау құралдарын (олардың элементтерін, ақпарат жеткізгіштерді) алып қою туралы хаттама ресімдемей алып қоюға;
4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімін асыруға;
5) тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісі есебінен шығындық сипаттағы іс-шараларды жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға құқылы емес.
3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы Заңда айқындалатын негіздерде және тәртіпке сәйкес жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектісінің (объектісінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) бақылау субъектісіне немесе оның уәкілетті адамына тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;
5) тексеру жүргізу кезінде оның нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау субъектісіне беруге;
6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған материалдар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 8-тарау 23-4-баппен толықтырылды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 17-1-бап. Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей