Ст. 23-5 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I
Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
23-5-бап. Бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті адамы:
1) бақылау объектісіне тексеру жүргізу үшін келген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін (қызметкерлерін) мынадай:
осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көзделген құжаттар болмаған;
тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру мерзімі өткен не тексеру ұзартылған жағдайда тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген мерзім өткен жағдайларда, жібермеуге;
2) егер материалдар мен мәліметтер тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижесі туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген талаптарын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің), мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тартылатын мамандарының, консультанттарының және сарапшыларының жекелеген әрекеттерін олардың қызметіне кедергі жасамай, алынған ақпаратты, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте еркін тарату құқығынсыз аудио және фото-, бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;
6) өз құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мақсатында жүргізілетін тексеруге үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
2. Тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті адамы:
1) бақылау субъекітісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандарының, консультанттарының және сарапшыларының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізу үшін келген қызметкерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ тексеру жүргізуге тартылатын мамандардың, консультанттардың және сарапшылардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне (қызметкерлеріне) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде материалдар мен мәліметтерді не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін ұсынуға, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық қорғау құралдарына, оның ішінде ақпараттық жүйелерге және автоматтандырылған дерекқорға тексеру нысанасына сәйкес қолжетімділік беруге;
4) тексеру тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған кезде оның екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) тексеру жүргізу кезеңінде тексеру нысанасына жататын материалдарға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ инженерлік-техникалық құралдардың, ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған дерекқордың конфигурациясына және сипаттамасына өзгерістер енгізуге жол бермеуге;
7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауға міндетті.
Ескерту. 8-тарау 23-5-баппен толықтырылды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 23-4-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 10-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористік тұрғыдан осал объекті... Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 21-1-бап. Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлген адамдарды жерлеу тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей