Ст. 28 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ
Рұқсаттар және хабарламалар туралы
28-бап. Лицензиялау салалары
1. Лицензиялауға мынадай: 1) телерадиохабарларын тарату;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
3) білім беру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
5) көмірсутектер;
6) өнеркәсіп;
7) ақпараттандыру және байланыс;
8) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы;
9) денсаулық сақтау;
10) атом энергиясын пайдалану;
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
12) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар;
13) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы;
14) улы заттар айналымы;
15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау;
16) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы, темекі өнімдерін өндіру;
17) тауар биржалары;
18) экспорт және импорт;
19) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
20) ғарыш кеңістігін пайдалану;
21) ойын бизнесі;
22) ветеринария;
23) ауыл шаруашылығы;
24) көлік;
25) сот сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар;
26) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
27) цифрлық активтер салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.
2. Мынадай субъектілердің:
1) мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіктер шегінде;
2) дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының, оның ішінде көрсетілген ұйымдарда білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыруға білім беру бағдарламаларын енгізетін және (немесе) іске асыратын шетелдік заңды тұлғалардың;
3) Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде;
4) қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде:
орталық депозитарий;
мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
мемлекет қатысатын кредиттік бюро;
өзара сақтандыру қоғамдары;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі операторы;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын қызметте;
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уəкілетті ұйымының Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде;
6) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындаған денсаулық сақтау субъектілерінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған төтенше жағдай және (немесе) пандемия кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шектеу іс-шаралары (карантин) енгізілетін инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуде, оның ішінде диагностикалық және зертханалық қызметтер көрсетуде қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей