Ст. 10 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ
Оңалту және банкроттық туралы
10-бап. Құпиялылық
1. Уәкілетті орган және әкімші, борышкерді банкрот деп тануға дейінгі кезеңді қоса алғанда, дара кәсіпкердің, банкрот мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) келісімін алмастан, борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы. 2. Әкімшінің не уәкілетті органның қаржылық-шаруашылық қызмет туралы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оған қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған лауазымды адамының оларды жария етуі, сол сияқты осындай мәліметтерді қамтитын құжаттарды жоғалту Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. Осы баптың күші әкімші тартқан тұлғаларға да қолданылады.
3. Уәкілетті органның немесе әкімшінің өздеріне ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға беруі құпия ақпаратты жария ету болып табылмайды.
4. Осы Заңда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде мынадай ақпарат құпия болып табылмайды:
1) әкімші қызметін жүзеге асыратын тұлға туралы;
2) кредиторлар комитетінің құрамы және ол қабылдаған шешімдер туралы;
3) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы туралы және оларды кезек бойынша қанағаттандыру мөлшері туралы;
4) рәсімдерді жүргізу мерзімдері туралы;
5) кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін орындау туралы;
6) әкімшінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы және оларды қарау нәтижелері туралы;
7) әкімшіні анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
8) оңалту рәсімін тоқтатудың негізі туралы;
9) әкімші кредиторлар комитетіне шешім қабылдау үшін ұсынатын;
10) осы Заңда белгіленген құқықтарды іске асыру шеңберінде осыған уәкілеттік берілген адамдар бастамашылық жасаған сот талқылаулары туралы ақпарат.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Коллекторлық қызмет туралы 6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері Оңалту және банкроттық туралы 56-бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм Оңалту және банкроттық туралы 25-бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей