Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6-1 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Коллекторлық қызмет туралы
6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері

1. Коллекторлық агенттік өзіне кредитор берешек бойынша, оның ішінде сот шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешек бойынша құқықты (талап етуді) берген кезде борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігі 01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).

Борышкер-жеке тұлға және (немесе) оның өкілі берешек бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы өздеріне (өзіне) хабар берілген күннен кейін кез келген мерзімде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінуге құқылы, онда берешектің пайда болу себептері, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер, оның коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жүгінуінің мән-жайларын (фактілерін) растайтын, оның ішінде: 

1) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге; 

2) берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеуге; 

3) банктік қарыз немесе микрокредит мерзімін өзгертуге; 

4) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуге немесе толық алып тастауға;  

5) комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді өзгертуге немесе толық алып тастауға; 

6) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіруге; 

7) ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің өзінің дербес өткізуіне; 

8) міндеттемені орындаудың орнына коллекторлық агенттікке кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға; 

9) сатып алушыға міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзге де мәліметтер көрсетіледі. 

2. Коллекторлық агенттік борышкердің өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және борышкерге және (немесе) оның өкіліне жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы: 

1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні; 

2) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныстар; 

3) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы хабарлайды. 

Коллекторлық агенттік мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінге 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті. 

Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ олардың қызметтен шығарылуы, банктік қарызының және (немесе) микрокредитінің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдар мен коллекторлық агенттіктердің ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы беріледі.  

Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде коллекторлық агенттік пен қарыз алушы-жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. 

3. Борышкер-жеке тұлға коллекторлық агенттіктің осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізілмеген кезде бір мезгілде коллекторлық агенттікті хабардар ете отырып, банк және (немесе) микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы. 

Банк және (немесе) микроқаржы омбудсмандары борышкер-жеке тұлғаның коллекторлық агенттікке жүгінуінің және коллекторлық агенттікпен банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дәлелдерін ұсынған кезде оның жолданымын қарайды. 

Банк және (немесе) микроқаржы омбудсмандары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын борышкер-жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы немесе соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді. 

Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...5 6 6‑1 7 8 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться