Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145


Утратил силу

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы
11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары

1. Мыналар:

1) уәкiлеттi орган берген, қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;

2) уәкілетті орган берген, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері сенімгерлік басқаруға берілген акционерлік қоғам қаржы орталығына қатысушылар болып табылады.

2. Банктер қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.

3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

4. Қаржы орталығының қатысушылары:

1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;

2) қор биржаларында, оның ішінде шетелдік қор биржаларында;

3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.

5. Қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаның атқарушы органының Алматы қаласының аумағында орналасуы оны уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуінің міндетті шарты болып табылады. 

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться