Ст. 23 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
23-бап. Мемлекеттік тіркеу жүргізу мерзімдері
1. Осы баптың 1-1, 1-2, 1-3, 2 және 2-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс. 1-1. Электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн ақының төленгенi немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
1-2. Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырмаған мәміленің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
1-3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс.
2-1. Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
3. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 21-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 26-бап. Құжаттарды берудің нақты уақытын көрсету Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы 40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру тәртiбi Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 33-бап. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою ҚР Азаматтық кодексi 33-бап. Заңды тұлға ұғымыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей