Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.12.2023

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
24-бап. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар

1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) растайтын құқық белгілейтін және басқа да құжаттар тіркеу сәтінде оларға қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

2. Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тиісті ресімделуге, мөрмен (ол болған кезде) бекемделуге, арнайы бланкілерде орындалуға, тараптардың немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымды адамдардың тиісті қолтаңбалары болуға тиіс. Соттардан, құқық қорғау органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар тиісті құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиіс. 

Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда құқық белгілейтін және өзге де құжаттар нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс. 

Құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелерінде тараптардың қолтаңбалары болмауы мүмкін және олар нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен міндетті куәландыруға жатады. 

Электрондық нысандағы құжаттар электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы шарт тараптары мен уәкілетті ұйымдардың міндетті куәландыруына жатады. 

3. Тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келісілмеген түзетулер бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды. 

4. Құқық белгілейтін құжаттар тіркеу парағына енгізілетін құқық иелері туралы, тіркелетін құқық (құқық ауыртпалығының) түрі туралы мәліметтерді, мекенжайды, мекенжайдың тіркеу кодын (ол бар болған кезде), сондай-ақ құқықтық кадастрды жүргізу мақсаты үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісі туралы деректерді қамтуға тиіс. 

5. Тиісті жазбаларды тіркеу құжаттарына енгізу үшін хабарлама нысаны (міндеттеменің орындалмауы туралы, жүргізілетін тіркеуді немесе тіркелген құқықты даулау ниеті туралы және т.б.) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуға тиіс. 

6. Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар тіркеуші органға екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.  

Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай құжаттың куәландырылған екі көшірмесі беріледі. 

Неке шарты екі данада беріледі, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады. 

7. Құжаттың түпнұсқасы не куәландырылған көшірме осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда, тіркеуден соң өтініш берушіге (уәкілетті өкілге) қайтарылады. 

8. Тіркеу сенімхат негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, тіркеуші органға сенімхаттың екі данасы табыс етіледі, оның біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады. Тіркеуден кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге (уәкілетті өкілге) қайтарылады. 

Электрондық тіркеу кезінде тіркеуші органға сенімхат ұсынылмайды. 

9. Жылжымайтын мүліктің бір бөлігіне белгіленетін құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тіркеу кезінде құқық белгілейтін құжат (жалға беру, сервитуттар, мүлікті өтеусіз пайдалану туралы және басқалары) құқықтың (құқық ауыртпалығы) қолданылу аясы болып табылатын мүліктің бір бөлігінің егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтуға тиіс.  

Жылжымайтын мүліктің бір бөлігі кепілге қойылған кезде міндеттемені орындамауға байланысты кепіл затын иеліктен айыру жағдайларында объектіні бөлу жоспарын осы жылжымайтын мүлік объектісін бөлуді немесе қосуды жүзеге асыратын орган мақұлдауға тиіс. 

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...61

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!


Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?


И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.


У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.


После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться