Ст. 14-2 Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508
Жарнама туралы
14-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалау ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауға: 1) мынадай талаптар ескеріле отырып, отандық теле-, радиоарналарда (балалар мен діни арналарды қоспағанда) жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жиырма екіден бастап таңғы сағат алтыға дейінгі кезеңде рұқсат етіледі:
отандық телеарналардағы жарнамада трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау уақытында жарнама алаңының (кеңістігінің) кемінде он пайызында шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескерту қоса берілуге тиіс;
отандық телеарналарда жарнаманың трансляциялануы және (немесе) ретрансляциялануы кезінде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі екі әлеуметтік жарнама қоса беріледі;
радиоарналардағы жарнамада, оның трансляциялануы аяқталғанда, шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертетін хабар қоса берілуге тиіс;
2) мынадай талаптар ескеріле отырып, мерзімді баспасөз басылымдарында (балалар мен діни басылымдарды қоспағанда) рұқсат етіледі:
газеттердің бірінші және соңғы беттерінде орналастырылмауға тиіс;
журналдардың, альманахтардың, бюллетеньдердің, оларға қосымшалардың бірінші және соңғы беттері мен мұқабаларында орналастырылмауға тиіс;
жарнама алаңының көлемі (кеңістігі) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісі және (немесе) атауы жарнамасының жарнама алаңының көлеміне тең болатын саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қамтуға тиіс.
Саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру мен іріктеу телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітетін, саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының жарнамасы:
1) шарапты жарнамаламауға;
2) еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты болмауға;
3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілмеуге (жазылмауға), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалмауға;
4) кәмелетке толмағандарға бағытталмауға;
5) шараптың емдік қасиеттері бар деп сендірмеуге, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелемеуге;
6) шарапты тұтынудан тартынуды айыптамауға;
7) шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендірмеуге тиіс.
Ескерту. 14-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей