Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Жарнама туралы
8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама

1. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс. 

Тәулігіне жарнама таратудың жалпы көлемінде жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жиырма пайыздан артық болмауға тиіс. 

Теле-, радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың жергілікті уақытпен сағат нөлден бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс. 

Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады. 

Тек қана жарнама сипатындағы хабарларға мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмейді. 

Жарнаманы трансляциялау кезінде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс. 

1-1. Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығуға тиіс. 

Әлеуметтік жарнама Қазақстан Республикасының аумағында қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі таратылады. 

2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс. 

3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады. 

4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады. 

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться