Ст. 21 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ
Өзін-өзі реттеу туралы
21-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу)
1. Өзін өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) ерікті негізде не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда міндетті негізде болуы мүмкін, ол кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға не өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығына рұқсат берудің міндетті шарты болып табылады. 2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіптік қызметпен айналысуға құқығы бар жеке тұлғалар кәсіптік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау және мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту, мүшеліктен (қатысудан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға болады.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өз дербестігі мен жеке және заңды тұлғаның құқықтарын сақтап қалады.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылтайшылары мен мүшелері (қатысушылары) тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей