Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 34 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
34-бап. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы

1. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы ауыл шаруашылығы кооперативін жоғары басқару органы болып табылады.

2. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооперативтің әрбiр мүшесiнiң ауыл шаруашылығы кооперативі қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң мүлік (пай) жарналарының мөлшерiне және санына қарамастан бiр дауысқа ие құқығы болады.

3. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретi:

1) атқарушы органды және оның басшысын сайлау, сондай-ақ оларды қайта сайлау;

2) ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысын жаңа редакцияда қабылдау;

3) атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындау;

4) ауыл шаруашылығы кооперативінің жылдық есептерін және бухгалтерлік баланстарын бекіту, кооперативтік төлемдерді және ауыл шаруашылығы кооперативінің табысын немесе залалын бөлу;

5) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелері жауапкершілігінің нысандарын айқындау;

6) кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарының және қосымша жарналардың мөлшерін белгілеу және өзгерту;

7) ауыл шаруашылығы кооперативі қорларының түрлерін, мөлшерін, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілеу;

8) ауыл шаруашылығы кооперативіне мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату;

9) ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру және тарату;

10) ауыл шаруашылығы кооперативінің басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысуы туралы шешімдерді осы Заңда белгіленген шектерде қабылдау;

11) осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген басқа да мәселелер болып табылады.

Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметiне қатысты кез келген мәселені өзiнiң қарауына қабылдауға құқылы.

4. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы атқарушы органның ұсынысы бойынша немесе кооператив мүшелерінің кемінде үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.

5. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы, егер онда кооператив мүшелерінің айқын басым көпшілігі үштен екі бөлігі қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және осы Заңның 18-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кооперативтің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында қатысып отырғандардың кемінде үштен бірінің талабы бойынша жасырын дауыс берiлуi мүмкiн.

6. Кооператив мүшесі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына өзi немесе өкiлi арқылы қатысуға құқылы. Осы ауыл шаруашылығы кооперативінің басқа мүшелерін, оның ішінде қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшесінен нотариат куәландырған сенімхаты бар, іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға өкіл ретінде болуға құқылы.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться