Ст. 12 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404
Действующий аналог
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралыСу пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
12-бап. Су пайдаланушылар кооперативiне мүшелiк
1. Жүктелген аумақта жер учаскелерiн иеленушi (пайдаланушы) және гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын азаматтар мен заңды тұлғалар су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi кейiнгi жер пайдалану құқығымен пайдаланатын және гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар су пайдаланушылар кооперативiнiң қызметiне бастапқы жер пайдаланушы берген сенiмхаттың негiзiнде қатысады.
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi болып табылатын заңды тұлға осы кооперативте Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы өкiлдiк етуге тиiс.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы атынан су пайдаланушылар кооперативiнде оның басшысының жеке өзi өкiлдiк етедi. Ауырып қалған немесе ұзақ уақыт болмаған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерiнiң бiреуiне су пайдаланушылар кооперативiндегi өзiнiң мiндеттерiн орындауға уәкiлеттiк бере алады, ол жөнiнде су пайдаланушылар кооперативiнiң басқару органына жазбаша хабарлайды.
4. Жүктелген аумақ шекарасы шегiндегi су пайдаланушылар болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар жергілікті уәкiлеттi органның келiсiмiмен ғана су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алады.
5. Мемлекеттiк мекемелер, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы берiлген мекемелердi қоспағанда, су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алмайды.
6. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында су пайдаланушылар кооперативiн құруда және оның қызметiнде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және мiндеттер атқарады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей