Ст. 10 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
10-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз). 1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құрады;
2-1) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
3) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етеді;
4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
5) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің бедерлі-нүктелік қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
6) осы Заңға сәйкес тиісті аумақта медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;
7) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторийлік-курорттық емделуін, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдің санаторийлік-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз етеді;
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
11) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
12) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмектің көрсетілуін үйлестіреді;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-ІV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 5-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 13-бап. Медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Халық Кеңесі туралы 11-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы ҚР Құрылыс Кодексі 75-бап. Елді мекендердің шекарасы (шегі) ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 346-бап. Иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктеріРекомендованные страницы
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 36-бап. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 43-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының қызметін қаржыландыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей