Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39


Утратил силу

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
29-бап. Мүгедектігі бар адамдарға білім алуы және мектепке дейінгі тәрбие алуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету

1. Мүгедектігі бар адамдарға тегін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға кепілдік беріледі.  

2. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.  

3. Білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурстарға қатысу кезінде балдары тең болған жағдайда, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес артықшылықты құқығы болады. 

4. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектігі бар адамдарға стипендиямен қамтамасыз ету жөніндегі жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.  

5. Алып тасталды – ҚР 26.06.2021 № 56-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Мүгедектігі бар балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тілегі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үйде жүргізіледі.  

7. Мемлекет мүгедектігі бар адамдардың, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың білім алуы кезеңінде оларды күтіп-бағуға жұмсалған шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара көтереді.  

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27. № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться