Ст. 3 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
3-бап. Қазақстан Республикасының Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнамасы (бұдан әрі – арнаулы құқықтық режим туралы заңнама) Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Конституциялық заң мен оны іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдардың, Алатау қаласы әкімшілігінің, мәслихаты мен әкімдігінің, Алматы облысы мен Алматы қаласының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілері, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер арнаулы құқықтық режим туралы заңнамада айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Конституциялық заңмен реттелетін қоғамдық қатынастарға қолданылады.
3. Арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың ережелері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелері арасында қайшылықтар болған кезде Қазақстан Республикасы Конституциясының және арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың ережелері қолданылады.
Арнаулы құқықтық режим туралы заңнама мәтінінің мазмұнын әртүрлі түсіну ықтималдығы кезінде арнаулы құқықтық режимді енгізудің тарихи алғышарттары ескеріле отырып, оның мақсаты мен міндеттеріне барынша сай келетін түсіндіруге артықшылық беріледі.
4. Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың нормаларына қайшы келетін не Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамытуға, мемлекеттік басқаруға және Алатау қаласында қызмет пен қызмет әрекетін жүзеге асыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілейтін нормалары осы Конституциялық заң мен арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіретін өзге де нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін ғана осындай қатынастарға қолданылуы мүмкін.
5. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Конституциялық заңнан басым болады. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Инвестициялар, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, Алатау қаласында қызмет әрекетін ұйымдастыру мен мемлекеттік басқару және (немесе) оның тыныс-тіршілігі мен оны дамыту мәселелерін қозғайтын, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына қол қойылғанға дейін олар әкімшілікпен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2-бап. Алатау қаласының аумағы мен қала маңындағы аймағыРекомендованные страницы
Административный процедурно-процессуальный кодекс Статья 167-1. Подача иска Кодексы РК Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 27-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамытуға жәрдемде... Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 107-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскелері және мүлік Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 82-бап. Инвестициялық жобалар және олар бойынша берілген жер учаскелері туралы өтпелі ережелерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей