Ст. 4 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
4-бап. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар
1. Осы Конституциялық заң мен оның негізінде қабылданатын, арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіретін өзге де нормативтік құқықтық актілер Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамытуға және онда қызмет пен қызмет әрекетін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 2. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Конституциялық заңмен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушылары болады.
3. Егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оның қолданылуы және арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіретін өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы мыналармен:
1) елдің қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы, Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы, қарсы барлау қызметі туралы, жедел-іздестіру қызметі туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы, прокуратура туралы, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы, аумақтық қорғаныс саласындағы, терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы, адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасымен;
2) Қазақстан Республикасының азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне, дербес деректерге қатысты заңнамасымен, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасымен;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасымен;
5) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасымен;
6) Қазақстан Республикасының сайлау және жалпыхалықтық референдум туралы заңнамасымен;
7) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, аудиторлық қызмет туралы, бағалау қызметі туралы, коллекторлық қызмет туралы, акционерлік қоғамдар, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасымен;
8) Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алу және оларды жою, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын құру және оның жұмыс істеуі, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұйымдастыру және олардың қызметі, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы мәселелері жөніндегі заңнамасымен;
9) инвестициялар, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, Алатау қаласында қызмет әрекеті мен мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, оның тыныс-тіршілігі және қала құрылысын дамыту мен инфрақұрылымдық даму мәселелерін қозғамайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттелетін қоғамдық қатынастарға қолданылмайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2-бап. Алатау қаласының аумағы мен қала маңындағы аймағы Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 3-бап. Қазақстан Республикасының Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнамасыРекомендованные страницы
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 60-бап. Алатау қаласында еңбек қатынастарын және шетелдік жұмыскерлерді тартуды реттеу Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 7-бап. Арнаулы құқықтық режимнің міндеттері Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 30-бап. Алатау қаласының арнаулы бюджеттік режимі туралы жалпы ережелер Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 48-бап. Алатау қаласында қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық режим Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 10-бап. Аумақтылық қағидатыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей