Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
31-бап. Индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі

1. Индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты: 

1) республикалық маңызы бар индустриялық аймақтар бойынша –облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органға; 

2) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар бойынша – индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына енгізеді. 

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар ресімделгеннен кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бірыңғай үйлестіру орталығын жүргізілген өзгерістер туралы хабардар етеді. 

2. Жекеше индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес оның меншік иесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жерге құқық белгілейтін құжаттар ресімделгеннен кейін жекеше индустриялық аймақтың меншік иесі бірыңғай үйлестіру орталығын жүргізілген өзгерістер туралы хабардар етеді.  

3. Индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысқа: 

1) ұсынылатын өзгерістердің негіздемелер мен қаржылық-экономикалық есеп-қисаптарды қамтитын тұжырымдамасы;  

2) қоршаған ортаға әсер етуді бағалау қоса беріледі. 

4. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертудің орындылығы туралы мәселе мұндай ұсыныс енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралады. Осы мерзім өткен соң мұндай ұсыныстың бастамашысына индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қарау нәтижелері туралы қорытынды жіберіледі. 

5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуді мақұлдаған жағдайда, жер учаскесін ресімдеу осындай индустриялық аймақтың тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 

6. Жекеше индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді оның меншік иесі қабылдайды.
Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться