Ст. 77 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
1. Курсанттар, тыңдаушылар қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебінен арнаулы нысандағы киіммен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.
2. Казармалық жағдайдағы курсанттар, тыңдаушылар қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
3. Бірінші жəне екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтімдері үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын мөлшерде қаржылай өтемақы төленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Курсанттардың, тыңдаушылардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша:
1) стационарлық емделуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, әуе, су және автомобиль көлігінде;
2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған кезде, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.
Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға да оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде мемлекет есебінен (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүру құқығы беріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Курсанттарға, тыңдаушыларға олар демалысқа кеткенде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленеді.
6. Курсант, тыңдаушы не ол қызмет өткеруі кезеңінде алған жарақаттануы (контузия алуы), ауыруы салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
7. Курсантқа, тыңдаушыға арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру кезеңінде алынған немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткерумен байланысты контузия алуы, зақымдануы, ауыруы нәтижесінде болған мүгедектік белгіленгенде қызметтен босатылғанына бір жыл өткенге дейін мынадай мөлшерлерде:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 250 айлық есептік көрсеткіш;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 150 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
8. Курсант, тыңдаушы арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке душар етпеген ауыр жарақат (жаралану, зақымдану, контузия) алған жағдайда – оған:
ауыр жарақат үшін – 12 айлық есептік көрсеткіш;
жеңіл жарақат үшін – 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
9. Біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
10. Курсанттың, тыңдаушының қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі:
1) өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізген жағдайларды қоспағанда, егер өзіне-өзі қол жұмсау нәтижесінде;
2) ол қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
3) алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң болуды туындататын заттарды пайдалану немесе қолдану нәтижесінде;
4) біржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтіру нәтижесінде;
5) курсанттың, тыңдаушының келісімшарт талабын бұзған іс-әрекеті нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
11. Қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған курсанттарға, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
12. Курсант, тыңдаушы қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттың, тыңдаушының отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
Ескерту. 77-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.
С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?
Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.
Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.
Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.
Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?
Заранее спасибо.
в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей