Ст. 20 Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы
Действующий аналог
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралыӘскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы
20-бап. Қаруды сақтау, алып жүру және қолдану құқығы
Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде қаруды алып жүруге және қолдануға құқылы.
Әскери қызметшiлердiң қаруды алып жүру ережелерi әскери жарғылармен белгiленедi. Штаттық (жеке) қаруды қолдану тәртiбi осы Заңмен және басқа заң актiлерiмен белгiленедi.
Әскери қызметшiлер соңғы шара ретiнде қаруды және өзi немесе бөлiмше құрамында мынадай жағдайларда:
- күзетiлудегi әскери және азаматтық объектiлерге, қарауылдарға, әскери бөлiмдердiң тұрғын жайы мен ғимараттарына топ болып немесе жеке жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн;
- қаруды және әскери техниканы күш қолданып иелену әрекетiн тыю үшiн;
- егер әскери қызметшiлер мен жай адамдарды өзге әдiстермен және құралдармен қорғау мүмкiн болмаса, оларды өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау үшiн;
- егер қылмыскердi қарсыласуын өзге әдiстермен және құралдармен жеңу немесе қаруын тартып алу мүмкiн болмаса, қылмыс жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау кезiнде үстерiнен түскен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
- жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн қолдануға құқылы.
Қару қолдану оны қолданбақшы ниет туралы ескертудi көздеуге тиiс. Күтпеген қарулы шабуыл, ұрыс техникасын, көлiк құралдарын, теңiз және өзен кемелерiн пайдалана отырып шабуыл жасаған кезде, сондай-ақ қамаудан қару алып қашқан жағдайда қару ескертусiз қолданылуы мүмкiн.
Әскери қызметшiлер қауiп дабылын беру немесе көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы.
Қаруды қолдану және пайдалану кезiнде әскери қызметшi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мүмкiн болған шаралардың бәрiн қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетуге мiндеттi.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не әскери қызметшiнiң (әскери қызметшiлердiң) өмiрiне қатер төндiретiн топталып шабуыл жасаған реттерде, егер мұндай шабуылды басқа әдiстермен және құралдармен тойтару мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қару қолдануға тыйым салынады.
Қару қолданылатын немесе пайдаланылатын әрбiр реттi әскери қызметшi командирiне (бастығына) баяндайды. Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен . 4 бөлiм. Әскери қызметшiлердiң жауапкершiлiгi
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей