Ст. 19 Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440
Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
1. Сақтанушы не аудиттелетін субъект сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды. Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) аудиттеу субъектiсiнiң келтiрiлген зиянды және оның мөлшерiн растайтын, зиянды өтеу туралы сақтанушы таныған құжаттар
қоса берiлген талабы немесе соттың аудиттi өткiзу кезiнде сақтанушы
келтiрген зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген шешiмi;
3) заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхат;
4) сақтанушы мен аудиттеу субъектiсi арасында жасалған, аудит жүргiзуге арналған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
5) зиянды болдырмау немесе мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (бар болса);
6) аудиторлық есеп-қисаптың көшiрмесi, аудиттеу субъектiсiнiң келiсiмiмен.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру төлемi туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап eтугe құқылы eмec.
5. Аудиттi өткiзу нәтижесiнде сақтанушы зиян келтiрген аудиттеу субъектiсi, ал аудиттеу субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда - оның құқық мирасқоры пайда алушы болып табылады.
Аудиттеу субъектiсiне (оның құқық мирасқорына) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтеген және өз шығыстарының сақтандырушыдан өтелуiне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табылуы мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.
7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дау айтпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
Сақтандыру төлемiнiң дау айтылған бөлiгiн сақтандырушы бiтiм келiсiмi жасалған және оны сот бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi
iшiнде не, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап төлеуге тиiс.
8. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн.
9. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей