Ст. 12 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
12-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады. 2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
3. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан және осы сақтандырушымен тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың жаңа шартын жасасқан кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлiгiн мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
ССБ = СС * n/N, мұнда:
ССБ – сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
СС – тасымалдаушыны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n – тасымалдаушыны мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген күннен бастап, өтiнiш жасалған күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан күнге дейiн өткен мерзiм (күнмен);
N – тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалған мерзiм (күнмен).
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
| р/с | Тасымалдаушының жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | 1 айды қоса алғанға дейін | 20 |
| 2 | 1 айдан 2 айды қоса алғанға дейін | 30 |
| 3 | 2 айдан 3 айды қоса алғанға дейін | 40 |
| 4 | 3 айдан 4 айды қоса алғанға дейін | 50 |
| 5 | 4 айдан 5 айды қоса алғанға дейін | 60 |
| 6 | 5 айдан 6 айды қоса алғанға дейін | 70 |
| 7 | 6 айдан 7 айды қоса алғанға дейін | 75 |
| 8 | 7 айдан 8 айды қоса алғанға дейін | 80 |
| 9 | 8 айдан 9 айды қоса алғанға дейін | 85 |
| 10 | 9 айдан 10 айды қоса алғанға дейін | 90 |
| 11 | 10 айдан 11 айды қоса алғанға дейін | 95 |
| 12 | 11 айдан жоғары | 100 |
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 17-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін ұлғайту Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 13-бап. Ұлттық контингентті жасақтау және дайындау Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 18-бап. Ұлттық контингенттің құқықтары мен міндеттері Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 25-бап. Дауларды қарау тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 59-2-бап. Банкті қайта құрылымдаудың негізі мен қағидаттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей