Ст. 13 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
13-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 13-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтанушыдан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың талаптарын, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) жәбірленушінің денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
5-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.
2. Сақтанушы:
1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді сақтандырушыға ұсынуға;
2) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап шұғыл түрде, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қолдан келетін тәсілмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болып табылмайтын жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөніндегі міндет сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиіс;
4) сақтандыру жағдайы басталған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларда дұрыс және қолдан келетін шаралар алуға, оның ішінде мүлікті құтқаруға және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету шараларын қолдануға;
5) сақтандыру жағдайы және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;
6) көліктегі сақтандыру жағдайы туралы акті жасауға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 7) тармақшаларында аталған сақтанушының міндеттері сақтандыру жағдайы басталған сәтте көлік құралын тікелей жүргізген адамға жүктеледі.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Попробуйте обратиться в палату по охране труда, направить на компанию жалобу с указанием всех причин
Помогите с чего начать, заключила договор с мед учреждением ,оказание услуг по рассрочке, услугами не пользовалась. По семейным обстоятельствам решила расторгнуть договор, написала заявление, потом встретилась с руководством,они уверили,что через месяц отменят, прошел месяц и тишина. Моя ошибка ,что я не запросила письменно подтверждения. Заявление на рассторжение у них есть.
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей