Ст. 10-3 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі
1. Актуарийлер бірлестігі коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады, оның қызметі осы Заңмен, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, актуарийлер бірлестігінің құрылтай құжаттарымен реттеледі. 2. Актуарийлер бірлестігіне мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату шарттары мен тәртібі актуарийлер бірлестігінің жарғысында белгіленеді.
Актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
3. Актуарийлер бірлестігі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде актуарлық бағалауды және мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтеріне сараптама жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша талдау жүргізу және өмір сүру көрсеткіштерін жаңартып отыру;
3) актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасы бойынша оқытуды және емтихандарды өткізу;
4) ішкі құжаттарды әзірлеу;
5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
6) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
7) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4. Актуарийлер бірлестігінің жұмыскерлері мен мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
5. Ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, актуарийлер бірлестігі мүшелерінің кәсіби әдеп кодексі мен кәсіби практика стандарттарын, мүшелікке қойылатын біліктілік талаптары мен өзге де талаптарды бұзуы туралы істерді қарау тәртібін әзірлеу және бекіту актуарийлер бірлестігі басқармасының жоғары органының құзыретіне жатады.
Ескерту. 3-тарау 10-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Сақтандыру қызметi туралы 22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi Сақтандыру қызметi туралы 82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріРекомендованные страницы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 635443200 КАТО НК РК 11-2009 с.Жана-Ульга Энергия үнемдеу туралы 13-бап. Энергия үнемдеу саласындағы бағдарламаларды қаржыландыру Сақтандыру қызметi туралы 30-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу Гражданский кодекс РК (Особенная часть) Статья 855. Условия действий в чужом интересеРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей