Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Сақтандыру қызметi туралы
17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын талаптар

1. Сақтандыру брокерінің қызметі айрықша қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.

Сақтандыру брокерінің:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқаруға байланысты қызметті қоспағанда, сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруына;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуына;

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері не "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде тәуекелдерді қайта сақтандыруға беруіне;

4) қызметкерлер мен үлестес тұлғаларға алғашқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруіне;

5) сақтандыру брокерінің қызметкерлеріне қаржылық көмекті қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға өтеусіз негізде қаржылық көмек беруіне тыйым салынады.

2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін:

1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;

2) өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырады.

3. Сақтандыру брокерінің қызметі мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруды:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультациялық қызметті;

2) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздестіруді және тартуды;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің көрсететін қызметтеріне және қаржылық жай-күйіне салыстырма талдау жүргізуді;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ұсынатын қызметтерге салыстырма талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;

5) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемшарттарын әзірлеуді, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсетуді;

6) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындауды және (немесе) ресімдеуді, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды;

7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеуді;

8) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын кейіннен оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне аудару үшін жинауды;

9) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруды;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталған кезде наразылықтарды қарау кезінде құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді;

11) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына консультациялар жүргізуді және жәрдем көрсетуді;

12) сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды берілген өкілеттіктерге сәйкес ресімдеуді;

13) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінен сақтандыру төлемдерін кейіннен оларды сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;

14) сақтандыру жағдайы басталған кезде мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша шығындарды қарау және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындауды;

15) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау бойынша сарапшылар көрсететін қызметтерді ұйымдастыруды;

16) осы Заңның 15-бабының 4-тармағында көрсетілген қызметті;

17) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін оның қатысушыларымен жасалған келісім негізінде басқаруды қамтуы мүмкін.

4. Сақтандыру брокеріне сақтанушыдан (цеденттен) немесе сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан) алынған сақтандыру сыйлықақыларының немесе сақтандыру төлемдерінің сомаларын орналастыру жөніндегі инвестициялық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Сақтандыру брокері меншікті қаражатын Қазақстан Республикасының банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы депозиттерге орналастыруға құқылы.

5. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.

6. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі оның сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларында айқындалуға тиіс.

7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген брокерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін сақтандыру брокеріне кез келген сыйақыны сақтанушының (цеденттің) мүдделерінде, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтанушы (цедент) ғана төлеуге тиіс.

7-1. Сақтандыру брокерінің осы баптың 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақысы бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың төлеуіне жатады.

8. Егер сақтандыру брокері және (немесе) оның үлестес тұлғасы – сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокері) бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырса, онда сақтандыру брокері және оның үлестес тұлғасы – сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокері) көрсетілген сақтандыру тәуекелі бойынша сыйақыға байланысты өзара есеп айырысуды жүргізеді.

9. Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16‑3 16‑4 17 18 18‑1 ...92

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться