Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар

1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiктерi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады. 

Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес. 

Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Сақтандыру ұйымы өзiнiң атынан және өзінің тапсырысы бойынша сақтандыру агентi жасасқан сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға міндетті. 

Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің мынадай әрекеттерді жасағаны үшін: 

1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктер шегінен шығатын әрекеттерді жасағаны;  

2) сақтандыру ұйымында уәкілетті органның лицензиясы жоқ сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны; 

3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі жаңылыстырғаны;  

4) сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтамағаны;  

5) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтары үшін жауапты болады. 

Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті оның жүзеге асыруына байланысты емес әрекеттері үшін жауапты болмайды. 

3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi шарттар, оның iшiнде сақтандыру есептілігінің бланкiлерiн есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу мәселелерi бойынша шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi. 

4. Сақтандыру агентiне сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін қолма-қол ақшамен төлемді заңды тұлға болып табылатын сақтанушыдан қабылдауына тыйым салынады. 

Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) сақтандыру ұйымының банктік шотына немесе кассасына аудару арқылы толық көлемде сақтандыру ұйымына тапсыруға жатады. 

Сақтандыру агентіне сақтандыру ұйымының комиссиялық сыйақы төлеуі сақтандыру ұйымы тиісті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. 

5. Сақтандыру агентiнің сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан тапсырма шарты бойынша өзіне тиесілі сыйақыны ұстап қалуына тыйым салынады. 

6. Бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан көп сақтандыру агентінің осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді. 

Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін: 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті; 

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру; 

ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Ұлттық Банк сақтанушылар болып табылатын сақтандыру; 

мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сақтанушылар болып табылатын сақтандыру; 

міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға жол берілмейді. 

7. Комиссиялық сыйақының құрамына сақтандыру ұйымының сақтандыру шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған сақтандыру агентіне қатысты шығыстарының барлық түрі, оның ішінде жалға алу ақысын төлеу жөніндегі шығыстар, сыйақылардың кез келген түрі, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру кіреді. 

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16‑4 17 18 18‑1 18‑2 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться