Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Сақтандыру қызметi туралы
19-бап. Актуарийлiк қызмет

1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс. 

2-1. Актуарлық қызмет: 

1) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерлерін есептеу; 

2) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілетін қарыздардың мөлшерлерін айқындау; 

3) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ірі мәміленің жасалғаны туралы актуарлық қорытынды жасау; 

4) сақтандыру тарифтерін есептеу әдіснамасын және олардың экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу; 

5) аннуитеттік сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру резервтерін бағалау үшін өмір сүру көрсеткіштерін талдау және жаңарту; 

6) актуарлық есеп-қисаптар мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету және ұсынымдар беру; 

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер; 

8) тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуына байланысты қаржылық міндеттемелерді талдау және сандық, қаржылық бағалау, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау бойынша қызметтер ұсынуды қамтиды. 

3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша: 

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша - бастамашылық актуарийлiк есептеулер; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда - мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi. 

4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы актуарийге жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерге актуарийдің қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ актуарийге берілген құжаттар мен мәліметтердің анықтығына және толықтығына жауапты болады. 

4-1. Актуарийдің кәсіби пайымдауы негізінде актуарлық есептеулер мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінен және (немесе) басшы қызметкерлерінен тәуелсіз болады.  

4-2. Актуарий сақтандыру резервтерін есептеген кезде пайдаланылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын тексереді. 

5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi. 

6. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілетілігінің нашарлауына алып келуі мүмкін тәуекелдер жөнінде дереу хабарлауға мiндеттi. 

7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға жібереді. 

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18‑1 18‑2 19 20 21 ...92

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться