Ст. 21 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті мемлекеттiк органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады. 2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi және уәкілетті орган арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
3. (алып тасталды)
4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Аталған шектеу рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.
Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:
1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 № 178, 2007.07.26 № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Сақтандыру қызметi туралы 79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары Сақтандыру қызметi туралы 13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет Закон РК О прожиточном минимуме Сақтандыру қызметi туралы 14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу Сақтандыру қызметi туралы 74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей