Ст. 25 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, орналастырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшамен төленуге тиіс. 2. Алып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. алып тасталды.
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерiн оның құрылтайшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттік тiркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәмiле нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда, акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға құқылы.
5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келетін жағдайда, шығару проспектісімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.16 № 416, 2003.07.10 № 483, 2005.0708 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей